Бүгін ұлттың ұлына айналған журналист Руслан Бөлебайдың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ұлттың ұлына айналған журналист Руслан Бөлебайдың туған күні

16.05.2018

«Таңшолпан» бағдарламасының эфирге шыққанына 25 жыл өтті. 25 жылда бағдарламаның құрамы түрленіп, мазмұны жаңарып отырды. Өзгермеген бір-ақ дүние. Ол «Таңшолпанның» әрдайым халықпен бірге болуы. Бағдарлама эфирге шыққан күннен бастап шығармашылық ұжымда елімізге белгілі, қаламы қарымды көптеген  журналисттер қызмет етті. Өкінішке қарай, бүгінде кейбірі арамызда жоқ.

«Таңшолпанның» дамуына атсалысып, еңселі еңбегімен көрінген азаматтарымыздың бірегейі -  Руслан Бөлебай. Ортамызда болса бүгін Руслан ордалы 33-ке аяқ басар еді. Өмірден өткеніне тоғыз жыл өтіпті. Ол көптің жадында жымиған бейнесімен сақталды. Бозбала аз уақытта ұлтының ұлына айналып үлгерді.

2016 жылы туған жері Шиелінің орталық көшесіне Руслан Бөлебайдың есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды. Оның бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу