Индира Расылхан: Әкеммен жақсы қарым-қатынаста қалуыма анам себепкер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индира Расылхан: Әкеммен жақсы қарым-қатынаста қалуыма анам себепкер

14.05.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы - әнші Индира Расылхан.

 

«Өзімді сақ, кісі танитын, қасыма жолата бермейтін адамдардың қатарына жатқызатынмын. Қазіргі Индара - басқа. Қазір адамдармен араласуға, қуаныш сыйлауға дайынмын, елге жүрегім ашық.

Ата-анам мен 24 жаста болғанда айрылысып кетті. Әкеммен жақсы қарым-қатынаста қалуыма анам себепкер. Осы күнге дейін отбасымызбен араласып тұрамыз. Өз отбасым болса да, балаларымды әкеме алып барамын. Әкемнің мен үшін жасаған жақсылығы мол. Менің еңбекқор, бақытты болуыма себепкер – әкем.

Әкемнің фантазиясы кең. Әлі де көп жұмыс істейді. Бізді де жұмыссыз қалдырмайтын. Мен әкеме ұқсағанмын. Анам үй тірлігін атқара алуымызды талап етсе, әкем дала тірлігін талап ететін», - дейді өнер иесі.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу