«Global Competitiveness Index»: Тас жолдың сапасы жағынан Қазақстан 137 елдің ішінде 115-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Global Competitiveness Index»: Тас жолдың сапасы жағынан Қазақстан 137 елдің ішінде 115-ші орында

12.05.2018

2017 жылы «Global Competitiveness Index»-тің жасаған рейтингінде Қазақстан автокөлік жолдарының сапасы жөнінен 137 елдің ішінде 115-ші орынға тұрақтаған. Осы рейтингте  Моңғолия 102-ші, Гондурас 81-ші, Африкадағы Руанда 32-ші, Намибия 31-ші орында.

Сараптамаға сүйенсек, Қазақстанда 1 шақырым жолды салуға орта есеппен 3,7 миллион доллар жұмсалады екен. Теңгенің тілімен айтсақ, 1 216 745 000 теңге. Салыстырсақ, АҚШ-да 1 шақырым жолды төсеуге 2,4 миллион доллар кетеді. Испанияда 1,6 миллион доллар,  Қытайда 1 шақырым жолға 1,2 миллион доллар жұмсалады.

Қазір әлемнің озық елдері тас жолға жұмсалатын қаржыны үнемдеудің түрлі амалын қарастыруда. Біздің елдегідей ауыр қоспаларды қосып, қыруар затты рәсуа қылып, ақшаны миллиардтап шашпай, кәдімгі пластик қалдықтардан жол төсеніштерін жасауды бастады. Бұл әзірге Еуроодақ елдерінде сыналып жатыр. Сыннан өтсе, қолданысқа енеді. Осы тақырып жайлы толығырақ Еркін Съезұлының материалында.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу