Жәнібек Үсенбек: Ендігі 15 жылда қазақ тілі дамыса, латын әліпбиіне еркін өте аламыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Үсенбек: Ендігі 15 жылда қазақ тілі дамыса, латын әліпбиіне еркін өте аламыз

12.05.2018

«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті шығарылымында филологтар Арман Байқадам мен Жәнібек Үсенбектің қатысуымен латын әліпбиіне көшу мәселесі қозғалды.

«1940 жылы кириллица қабылданғаннан кейін көбісінде «Қалай біз орыс тілін тез үйреніп кетеміз?», «Орыс сөзін қалай таза айтамыз?» деген күмән болған. Ал, қазір ол күмән болмақ түгіл, 30 жылдың ішінде адамдар  тілді ұмытып кетті. Әліпбидің қандай әсер беретінін осыдан байқауға болады. Соның салдарын қазір көріп жатырмыз.  Бүгінгі күні қазақ тілі мәселесі әлі шешілмеді. Өз басым, латын әлібиіне өтуді қолдаймын. Бірақ, бір мәселе бар. Ендігі 15 жылдың ішінде қазақ тілі дамыса,  одан кейін латын әліпбиіне емін-еркін өте аламыз. Қазіргі кезде ұлтымыздың 70-80 пайызы орыс тілінде сөйлеп, ұлттық университеттердің өзінде құжаттардың барлығы дерлік орыс тілінде жүргізіледі», - дейді Жәнібек Үсенбек.

Филолог Жәнібек Үсенбектің латын әліпбиіне 15 жылдың ішінде көшу керек деген пікіріне Арман Байқадам кері ойын білдірді.

«Егер шынымен кірісетін болсақ, қазіргі  уақытта екі жылдың ішінде латын әліпбиіне көшуге болады. Қазіргі технология дамыған заманда кез келген мәселені шешуге жағдай жасалған», - дейді Арман Байқадам.  

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу