12 мамыр күні Алматыда моңғол әншісі Сарантуяа Батмонхтың концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 мамыр күні Алматыда моңғол әншісі Сарантуяа Батмонхтың концерті өтеді

11.05.2018

Осыған орай Монғол елінің Еңбек сіңірген әртісі, 1993 жылғы Халықаралық «Азия дауысы» байқауының бас жүлдегері Сарантуяа Батмонх «Таңшолпанның» қонағы болды.

«Қазақстанға алғаш рет 23 жасымда келдім. Ол «Азия дауысы» фестивалі болатын. Одан кейін 2012 жылы жұлдызым жанған Қазақ еліне келіп, алғаш концертімді бердім. Әр уақытта қазақ жеріне, еліне алғысымды айтамын.

Биыл да концерттік бағдарламаммен келдім. Концертте халықтың құлағына үйір болған хит әндерімді орындаймын. Онымен қатар Монғол елінде жазылған екі қазақ әндерін орындаймын.

Тек қана қазаққа емес әлемге әйгілі Роза Рымбаевамен, Шахизадамен жақын доспыз. Олар концертке қатысады. Концерттің ерекшелігі – жанды сүйемелдеумен өтеді», - дейді Сара ханым.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу