Психолог Назым Ділтайқызы: Балаға талап қоюды ата-ана алдымен өзінен бастауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Психолог Назым Ділтайқызы: Балаға талап қоюды ата-ана алдымен өзінен бастауы керек

10.05.2018

Бала - көзіміздің нұры, көңіліміздің қуанышы, өміріміздің жалғасы. Қазақ қашан да баласына жіті көңіл бөліп, тәрбиесіне ерекше ден қойған.

Әлеуметтік желіде келіп жатқан бала тәртібіне қатысты алаңдататын сұрақтар аз емес. Осы сұрақтарға «Мақпалдың мекені» айдарының қонағы психолог Назым Ділтайқызы жауап берді.

«Жалпы қоғамды алаңдататын мәселе – баланың білім-ғылымға ықыласының төмендеуі, рухани азыққа қызығушылығының азаюы. Бала көркем шығармаға қарағанда, өнер саласына қызығады.

Қазіргі таңда бұрынғы дана аналарымыздың жүрген жолын жаңғыртуымыз керек. Өйткені, олардың талғамы мықты болған. Балаға жасайтын әрекетін миына күнде сіңіріп отыру қажет. Балаға көңіл бөлмегендіктен, ол бос қалады. Ақылдасып, ойын білу керек. Онымен өзі жақсы көретін дүниені талқылау керек. Сондай-ақ көркем шығармашылық пен өнерге баулу да маңызды. Балаға «жаса» демей, талап қоюды ата-ана алдымен өзінен бастауы керек. Ата-ананың өз бойында қызығушылық болса, балада да болады», - дейді психолог.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу