14 мамырда Астанада ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты ән-жыр кеші өтеді. Осыған орай белгілі журналист, қаламгер бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.
«2014 жылы «Қарашаңырақ» атты кітабым жарық көрді. Биыл 14 мамыр күні осы атаумен ән-жыр кеші өтеді. Кешке менің сөзіме жазылған әннің орындаушылары қатысады. Қазір шоу көбейіп кетті. Кештің айырмашылығы – елге рухани азық сыйлау. Бұл тек ән кеші емес, ақынның жыр кеші.
Қарашаңырақ – қасиетті ұғым. Қарашаңырақ - әулеттің басы ұйысатын жер. Астана – қазақ елінің қарашаңырағы», - дейді ақын.