Ахмет Байтұрсынов: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан, мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек».
Әйгілі ғалымның көрегендікпен айтқан пікірі қазір де маңызды. Термин немесе терминология туралы сөз болғанда әңгіме көбіне терминдерді өзге тілдерден өзгеріссіз қабылдаймыз ба, қабылдамаймыз ба, әлде балама нұсқасын қабылдаймыз ба деген сұрақ төңірегінде өрбиді.
Осы орайда еліміздің құқықтық мемлекет екенін ескере отырып, заң саласына қатысты көптеген сөздердің қайта жаңғырғанын айта кеткен жөн.
Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында