Маржан Арапбаева: Қызымның қасында көп бола алмайтыным үшін өзімді кінәлі сезінемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маржан Арапбаева: Қызымның қасында көп бола алмайтыным үшін өзімді кінәлі сезінемін

02.05.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының қонағы - әнші Маржан Арапбаева.

«Өмірде бәріне жеңіл қарағым келеді. Бір деңгейге көтерілу үшін біраз қиындықтан өтесің. Сонда да бар нәрсеге жеңіл қарауға тырысамын. Кез келген дүниеге оптимистік көзқараста болу керек. Ол барлығы төбеден түседі дегенді білдірмейді. Әрекет жасап, еңбек ету қажет.

Тез ашуланғыш болғаныммен, ренішім де тез қайтады. Ұрыс-керіс арасында болмауға тырысамын. Отбасында да ондай жағдайды болдырмауды назарда ұстаймын.

Қызым қазір 12 жаста. Есі кірді. Өнерге жақын. Барлық ата-аналар секілді әрдайым қасында бола алмаймын. Үнемі әнсапардамын. Кейде сол үшін өзімді кінәлі сезінемін. Балаға көбірек көңіл аудару керек. Ал, бұл сахнада жүрген әйел адамдар үшін қиын. Өнер жолын бастағанда ішкі комплекстерім көп болды. Бойым кішкентай, әнім аз, сұранысы жоқ әншімін деген ойлар жиі мазалайтын. Былайша айтқанда, «пісуіме» тура келді. Өзіммен-өзім жұмыс істеп, біраз өзгердім. Өзіме қарауға тырысамын. Өзіңді босатып алсаң, шабыт келмейді, өспейсің. Адам ең алдымен өз-өзін жеңе білуі керек», - дейді өнер иесі.

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу