«Құралайдың құпиясы». Көркем мінез - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құралайдың құпиясы». Көркем мінез

01.05.2018

Адамның тағдыры, оның бүкіл өмірі мінезіне байланысты. Мінезді жүре келе өзгертуге, ал көркем мінезді қалыптастыруға болады. Басыңыздағы қиындықтар, жұмыстағы келеңсіздік, отбасыңыздағы келіспеушілік, қарыз, достарыңызбен арадағы араздық  осы сияқты небір кері жағдайлардың барлығы мінезбен тікелей байланысты.

Денсаулық, махаббат, байлық – мұның бәрі мінез арқылы келеді. Сол себепті, айналаңыздағы жақындарыңызға жоғары баға беріңіз, мақтаңыз, қуантыңыз, әдемі бұлақ болыңыз. Өйткені, бұлаққа қанша жерден күл-қоқыс төксе де, ол түбінен мөлдір суын шығара береді. Жүрегіңізден тазалық шыға бастаған кезде айналаңыздағы жағымсыз жайттардың бәрі бұлақ суымен бірге ағып кетеді.

Бүгінгі «Бақытты әйел» бағдарламасының «Құралайдың құпиясы» айдарында көркем мінезге қатысты ой айтылды.

Хабарламаларға жазылу