Бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтеді.
Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі Мемлекет басшысының 2018 жылдың наурызында жарияланған 5 әлеуметтік бастамасын талқылау болып отыр. XXVI сессия жұмысына 1,5 мыңнан астам адам қатысады.
ҚХА-ның «Ортақ шаңырағымыздағы бейбітшілік пен келісім үшін» атты ең алғашқы сессиясы ұйымды құру бағытында болған және ол 1995 жылы ұйымдастырылды. Барлығы 25 сессия өткізіліп, олардың барлығында қоғам үшін маңызы зор мәселелер талқыланды.
2018 жылдың 1 тоқсаныны бойынша, Қазақстанда 29 республикалық, 75 өңірлік және 530 жергілікті этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ел бойынша этномәдени бірлестіктердің саны - 1071.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы бойынша бүгін 22:00-де Ұлттық арна эфирінен арнайы хабар көрсетіледі.