Дизайнер Берік Исмаилов: 22 жылда 6 мыңнан астам шәкірт тәрбиеледім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизайнер Берік Исмаилов: 22 жылда 6 мыңнан астам шәкірт тәрбиеледім

24.04.2018

Танымал дизайнер Берік Исмаилов «Таңшолпан» студиясының қонағы болды. Дизайнер жуырда елордаға келіп, шеберлік сыныбын өткізді.

«Бұл салада жүргеніме 22 жыл болды. Осы уақыт аралығында 6 мыңнан астам шәкірт тәрбиеледім.

Бұл салаға келуім қиын болды. Өйткені, «әйел адамның ісі» дегенді көп естідім. Өмірде қай сала болса да, сапалы жасайтын - ер адам. Оған дейін Авиациялық институтты бітіріп, ұшақ зауытында 11 жыл қызмет жасадым. Бірақ тағдыр шығар, Мәскеуде оқып, осы мектепті аштым. Авиацияда пішу, сызу жұмысымен айналыстым. Сондықтан болар, маған тігу ісінде оңай болды.

Көптеген өнер адамдарына киім тіктім. Адамды көрмей, сырттан пішіп, тігіп берген күндер де болды. Мысалы, Димаш Құдайбергенге «Славянский базар» конкурсына қатысу үшін киімін өзін көрмей, сырттан тігіп бердім. Оның жеңіске жеткені - мен үшін бақыт», - дейді дизайнер.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу