«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Революшн» тақырыбына арналды. Студия қонақтары ретінде экономикалық шолушы Ерболат Мұхамеджан мен IT маманы Мирус Құрмашев қатысып, Қазақстандағы цифрландыруға қатысты ойларын ортаға салды.
«Цифрландыру қай салаға қажет? Менің ойымша, ең бірінші өнеркәсіптік салаға керек. Мысалы, Алматыда өткен цифрландыруға қатысты форумға келген Жапонияның ең ірі өнеркәсіптік компания басшысының айтқаны «Сіздерде зауыттың, не цехтың айналысында мыңдаған адам жүреді және олардың не бітіріп жатқанынан ешкімнің де хабары жоқ. Ал, Жапонияда екі-ақ адам жүреді, қалғанының бәрі робот», - деді. Яғни, біз осы мәселені де қолға алумыз керек», - дейді Ерболат Мұхамеджан.