Жас суретші Сұлтан Аманжол: Мұқағалидің жас, жалындап тұрған кезін бейнелегім келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас суретші Сұлтан Аманжол: Мұқағалидің жас, жалындап тұрған кезін бейнелегім келді

20.04.2018

Жас суретшілер одағының мүшесі, суретші Сұлтан Аманжол студия қонағы болды. Оның жұмыстарын өнерсүйер қауым мен қарапайым халық та бағалап келеді. Сұлтан Аманжол өнері, алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады. 

«Студияға алып келген жұмыстарымның бірі - Мұқағали Мақатаевтың суреті. Көбінесе суретшілер Мұқағалидың 40-тан асқан шағындағы образын бейнелесе, мен жас, жалындап тұрған кезін салдым. Сурет саларда алдымен бейнесін елестетіп, ойыңда пісіресің. Толық көңілімнен шығу үшін оны 3 апта салдым.

Туындыларымның басын қосып, елге көрсету үшін осы жылы көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмын. Көпшілікпен бірге көрмелерге барып, конкурстарға да қатысамын», - дейді қылқалам шебері.

 

Толық нұсқа

 

 

Хабарламаларға жазылу