Діни экстремизм мен терроризм көріністерің алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру керек – Мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни экстремизм мен терроризм көріністерің алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру керек – Мамандар

20.04.2018
Діни экстремизм мен терроризм көріністерің алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру керек – Мамандар

Астанада  «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» мен «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу механизмдері жөнінде республикалық семинар-тренинг өтті.

Ұйымдастырушы - ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы.

Шараға Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С.Арын, ДІАҚМ Дін істері комитетінің төрағасы Е.А.Оңғарбаев, сонымен қатар, антитеррорлық дайындық орталығының, республикалық ардагерлер мен патриоттық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ғылыми-сарапшылық қауымдастық  пен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

 «Комитет дінді деструктивті мақсатта пайдаланудың кез келген әрекеттерін болдырмау және алдын алу үшін барлық шараларды қолданатын болады. Осыған байланысты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді шараларды жетілдіруге, сондай-ақ, барлық діни қызмет субъектілерінің діни қызмет саласындағы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етуге бағытталатын болады», - дейді комитет төрағасы.

Семинар барысында терроризмге қарсы әрекет етудің жаңа механизмдері туралы мәлімдеме жасалды. Жиын қатысушылары әсіресе, жастар ортасында діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру керектігін алға тартты.

Хабарламаларға жазылу