Ардагер ұстаз, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Биғайша Есімова студия қонағы болды. Ұстаз мерейлі жас 80-ге толды.
«Туған күнім кеше өткенімен, ертең тойлаймыз. Тойды 1999 жылы бітірген түлектерім ұйымдастырып жатыр.
Ұстаздық мамандықты алғанда ішінен неміс тілін таңдадым. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, талай шәкірттердің көзін ашып, білімін жоғарылатып, жол көрсеттім. Оған дәлелім, біінші олимпиада жеңімпаздары.
Еңбек кітапшамда бір ғана мекеме жазылған. 1961 жылы мектепке практикаға келдім. Неміс тілінің мұғалімі жоқ екен. Содан сол білім шаңырағында әлі мұғалім болып келе жатырмын. Мектептен шаршамаймын. Сабақ беруден жеңілденемін.
Барлық жас өмірімді Талғар қаласында өткіздім. Оқушыларым мен ата-аналардың қуанышы мен қайғыларына ортақ болып келемін. Неміс тілінің арқасында осы тілдегі бірнеше оқулықтың авторымын. Мұғалім шәкірттерге дұрыс, адал талап қоя білуі керек», - дейді қонақ.