Белгілі қаламгер Ахметжан Аширидің «Дара жолы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі қаламгер Ахметжан Аширидің «Дара жолы»

15.04.2018

Бүгін жазушы, драматург, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Ашири «Дара жолдың» басты кейіпкері болды.

Хабар барысында Ахметжан Ашири өзінің екі халық арасындағы алтын көпір болуына арқау болған бала махаббат екенін айтты.

Ахметжан Ашири:

- Жас кезде сымбатты болсақ керек. Бір қызбен таныстым. Өте әдемі еді. Сол кезде анам қайтыс болды. Жаңағы қыз шешемнің өмірден озғанын естіп, қатты жылады. Бетіне қарасаңыз, онша сұлу емес, ол кісінің жүрегінде иман нұры бар екенін байқадым. Сөйтіп, араласып жүрдік. Бір күні мұғалімдердің бірі оны байқап қалыпты. Содан мұғалімдер «мынау қыздардың бәріне көзқарасы бар екен, оны училищеден шығару керек» деп мәселе қозғады.  Бірақ, мұғалімдер өзара ақылдасып, мені оқудан қуған жоқ. Ұйғыр бөлімінен қазақ бөліміне ауыстырып жіберді. Сөйтіп, ол бөлімді үздік бітірдім. Сол қыздың жақсылығынан жүрегім ашылып, сол оқиға кейін «Жалғыз жалбыз» романымның сюжеті болып шықты.  

Хабарда танымал қаламгер басқа да шығармашылары, алған жүлделері жайлы да айтып берді.

 

Хабарламаларға жазылу