Сапар Ахметов: Елбасының 5 бастамасы халықтың игілігі үшін тиімді жобаның бірегейі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапар Ахметов: Елбасының 5 бастамасы халықтың игілігі үшін тиімді жобаның бірегейі

11.04.2018

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов студия қонағы болды. Жуырда депутаттар өңір аралап, халықпен жүздесті. Олар Елбасының 5 бастамасын насихаттады.

«Өңір аралап халыққа Елбасының 5 бастамасын түсіндірдік. Өйткені арналарда тек қысқаша айтылады. Оны бәрі түсіне бермейді. Жеке сұрақтары болады. Бюджет саласында қызмет жасайтын адамдармен кездескенде оларды мазалайтын сұрақ – баспана. Халық бастаманы жақсы қабылдады.

Біздің комитеттің жұмысы әр тарапты. Бастаманың жұмысы біздің комитетпен байланысты. Ол – тұрғын үй салу, жол салу мәселесі, инфраструктура, сумен қамтамасыз ету, өңірдерді дамыту. Қазіргі ең өзекті мәселелердің барлығы біздің комитетке қарасты», - дейді депутат.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу