«Бақытты әйел». Жансая Шолпанбаева: Өзімді бақытты анамын деп санаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Жансая Шолпанбаева: Өзімді бақытты анамын деп санаймын

05.04.2018

Бүгінгі бағдарламаның тақырыбы – ер азаматты ұлықтау, биікке көтеру, қамқорлық көрсету.

7 баланың анасы Жансая Шолпанбаева «Мақпалдың мекені» айдарының қонағы болды. 21 жасында отбасын құрып, күйеуінің бірінші жарынан қалған балаларға қамқор ана болды.

«Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. Бұл үлкен ой-елегінен өткен дүние. Бұл қадамға мені махаббат пен мейірім жетеледі. Жолдасыммен университетте оқып жүргенде таныстық. Жас болған соң ғашықтық, қызығушылық болған жоқ. Кейінен танысып, көрісіп, тағдырымыз тоғысты.

Отбасы, баласы бар екенін білдім. Жолдасым менен 16 жас үлкен. Бірінші жұбайы жол апатынан қайтыс болды. Тұңғыш баласы 7 жаста еді. Балалары маған мейірімді болды. Тағдырыма мейірімді, инабатты бала жазылыпты.  

Өзімнің сәбилерім дүниеге келгенде махаббаттым ұлғаймаса, кеміген жоқ. Дүниеге 4 бала әкелдім. Жеті баланың анасымын. Балаларым бір-біріне қамқор.

Өзіңнен үлкен адамның жауапкершілігі мол болады. Ол мені жауапкершілігімен, мейірімімен жаулап алды. Ерлі-зайыптының арасында бастысы – сыйластық. Сыйластық – отбасын ұстап тұратын құрмет сөз», - дейді Жансая.  

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу