Қазіргі таңда онкологиялық аурулардың жас талғамайтыны мәлім. Оның себебі неде?
Астана қаласы Онкологиялық орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутай студия қонағы болып, қатерлі ісіктің алдын алу жолдары, себебі мен салдары туралы сөз қозғады.
Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.
«Соңғы 10 жылдан бері сүт безінің обырына скрининг жасап келеміз. Осының нәтижесінде бірінші және екінші сатыдағы сүт безі обырының толық жазылып кету мүміншілігі бар. Әйел адам екі жыл сайын скринингтен міндетті түрде өтуі тиіс. Егер де ісіктің белгілері болса, есепке алынып, емдеу шаралары жасалады.
Қазіргі кезде науқастарды дәрі-дәрмекпен, химиялық препараттармен толық қамтамасыз етуге болады. Қатерлі ісіктің қауіпті тұсы - білдіртпей келуінде. Тым кеш белгі беруі мүмкін. Созылмалы сырқаты бар адамдар міндетті түрде жылына бір рет дәрігерлерге барып, тексерістен өтуі тиіс.
Қазір біздің халық шетелге барып, «Чек-аптан» өтеді. «Чек-ап» – жасырын аурулар мен ағзаның оған бейімдік деңгейін, ағзадағы негізгі проблемаларды анықтауға бағытталған кешенді интенсивті бағдарлама. Бұл тексерістен біздің елде де ақылы түрде өтуге болады.
Қатерлі ісіктің 100-ден аса түрі бар. Оны емдеу аурудың сатысы мен түріне байланысты. Өкінішке қарай, 3-ші және 4-ші сатыдағы ауруды емдеу мүмкін емиес», - дейді дәрігер.