«Ақсауытта» 8 жыл бұрынғы медициналық реформа мен әскерден қашатындарға қолданылатын жаза туралы айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауытта» 8 жыл бұрынғы медициналық реформа мен әскерден қашатындарға қолданылатын жаза туралы айтылды

01.04.2018

Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Әскери комиссариаттар 18-27 жас аралығындағы жастар арасынан 17 мыңын іріктеу алулары қажет. Ал, олардың саны 300 мыңнан асады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда аз. Алайда, бұл дәрігерлер үшін оңайға түсіп жатқан жоқ. Себебі, ауру-сырқаулар көбейген.

«Ақсауыт» хабарының кезекті шығарылымында 8 жыл бұрын жасалған медициналық реформаның жастар денсаулығына тигізген кері әсері мен әскерден қашатындарға қолданылатын жаза туралы айтылды.

Дәрігерлердің айтуынша, әскерге жарамсыздардың саны жыл өткен сайын көбеюде. Осыдан 10-15 жыл бұрын сапқа тұруға денсаулығы келмейтін бірең-сараң болса, қазірде ауру-сырқаулардың сан түрі бар екен.

Гүлнәр Бұтынбаева, Әскерге шақыру медициналық комиссиясының төрайымы:

- Анализ бойынша, биыл жастардың денсаулығында көбіне көз ақауы болып тұр. Сәйкесінше, олар әскерге бара алмайды.

Толығырақ «Ақсауыттан» көріңіз

Хабарламаларға жазылу