«Қазақстан» РТРК» АҚ жобалық идеяларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ жобалық идеяларға байқау жариялайды

26.03.2018
«Қазақстан» РТРК» АҚ жобалық идеяларға байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2018 жылға жаңа бағдарламалар шығару мақсатында жобалық идеяларға байқау жариялайды.  

Тапсырыстар төмендегі жанрлық бағыттар бойынша қабылданады: күнделікті жоба, ток-шоу, реалити-шоу, музыкалық жоба, интеллектуалдық жоба.

Конкурсқа қатысу үшін ықтимал орындаушы арнайы синопсис және презентация жолдайды (көлемі 2 беттен кем емес, қарпі Times New Roman, өлшемі - 12, қазақ-орыс тілдерінде).

Сонымен қатар, концепция ауқымы төмендегілерді қамтуы керек: жобаның атауы, мақсаты мен міндеті, көлемі, ұзақтығы және шығарылым саны, жанры, шамамен сметалық шығыны, техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы.  Ұсыныстарды қарау барысында осы тектес өндірісте тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.

Байқау үш кезеңмен өтеді:  

       Бірінші кезең: Талапқа сай келетін өтініштерді  бастапқы қабылдау;

       Екінші кезең:  Сарапшылар комиссиясының өтініштерді іріктеуі.

       Үшінші кезең:  Көркемдік кеңесте іріктелген өтініштерді қарау және жеңімпаздарды анықтау. 

 

Өтініштер 2018 жылғы 26-сәуірге дейін kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Хабарламаларға жазылу