«Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел». Ұлыстың ұлы күніне орай елордада осындай атпен мюзикл қойылды. Мерекелік шараға Мемлекет басшысы қатысты. Жоғары технологиялық музыкалық хореографиялық этно-модерн қойылымында Қазақстанның белгілі өнер тарландары, опера, балет, театр сияқты сахналық өнердің жас таланттары өнер көрсетті.