«Тар заман» телехикаясы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 26 наурыздан бастап көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тар заман» телехикаясы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 26 наурыздан бастап көрсетіледі

20.03.2018

26 наурыздан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы көрермендер назарына Қазақ даласындағы өткен ғасырдағы тарихи оқиғалар жайындағы «Тар заман» телехикаясын ұсынады. Желтоқсан айында еліміздің кинотеатрларында осы атпен фильм прокатқа шыққан болатын.

Тарихи туынды 12 сериядан тұрады, 37 тарихи кейіпкер бейнеленген. Рөлдерді Балтабай Сейтмамыт, Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай, Тұрсын Құралиев, Медғат Өмірәлиев, Кенен Ақүрпеков, Мәмбет Қожалиев, Олжас Абай, Наргиз Алтайбай, Ұлан Болатбек, Жұлдызбек Жұманбай, Дархан Сүлейменов сынды актерлер сомдайды. Режиссері - Мұрат Бидосов. 

Телехикая «Qazaqstan» телеарнасынан 26 наурыздан бастап дүйсенбі-жұма күндері 21:45-те көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу