«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Тұмар» телевизиялық бәйгесінде 14 аталым бойынша бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Тұмар» телевизиялық бәйгесінде 14 аталым бойынша бақ сынайды

16.03.2018

Бүгін «Қазмедиа орталығында»  «Тұмар»  ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау рәсімі өтеді. Биылғы жылғы салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған. Тілшілер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздарымен қоса, салтанатты кешке Қазақ телевизиясының ардагерлері де шақырылды.

Бәйгеде жүлделер 14 номинация бойынша табысталады. Олардың ішінде Қазақ телевизиясының 60 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған ерекше аталымдар бар.  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы 14 аталымда да бақ сынайды. Оның ішінде: 

«Үздік деректі фильм» - «Тәуелсіздіктің 26 сәті», «Балет. Бекзада өнер бесігі»;

«Үздік телехикая» - «Көзайым», «Текетірес»;

«Үздік әлеуметтік жоба» - «Қарекет», «Мәселе»;

«Үздік ақпараттық бағдарлама» - «Ақпарат»;

«Үздік аймақтық телеарна» - «Ontustik», «Aqjaiyk», «Qyzylorda», «Aqtobe»;

«Үздік танымдық бағдарлама» - «Парасат майданы»;

«Үздік ойын-сауықтық жоба» - «Әзіл әлемі», «Таңшолпан», «SilkWayStar», «Мен қазақпын»;

«Үздік телевизиялық маусым» - «Қазақстан» РТРК» АҚ-дағы ауқымды өзгерістер, ребрендинг;

«Үздік операторлық жұмыс» - «Жаңа индустриализация – телекөпір»;

«Үздік тележүргізуші» - Дана Нұржігіт, Дархан Әбдік, Нартай Сәрсенғалиев, Жансерік Бейсеев, Берік Уәли;

«Үздік журналист» - Раушан Сайлау, Нұрсұлу Қасым, Альбина Әшім, Махамбет Бейбітшілік;

«Үздік режиссерлық жұмыс» - «EXPO-2017» көрмесінің ашылу және жабылу салтанаты;

«Астананың 20 жылдығына арналған жүлде» - «ЭКСПО-2017: Энергетиканың ең үздік үлгілері – Астанада», «Астана қалай салынды?»,  «Астана – рухани жаңғыру» деректі фильмдері.

Байқауға биылғы жылдың 15-қаңтары мен 1-наурызы аралығында жалпы саны 397 конкурстық жұмыс келіп түскен. Олардың ішінде қазылар алқасы бәйге ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады. Бәйгенің қазылар алқасы құрамына журналистика мен телерадиохабар тарату салаларындағы кәсіби, жоғары білікті сарапшылар кірді.

Екінші рет ұйымдастырылып отырған «Тұмар»  ұлттық телевизиялық бәйгесі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан ең сапалы және маңызды телевизиялық мазмұнды тауып, дәріптеу және қазақстандық телевизияның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. 

 

Хабарламаларға жазылу