Қазақстандағы балалар құқықтары: прогресс және жаңа мәселелер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы балалар құқықтары: прогресс және жаңа мәселелер

07.03.2018
Қазақстандағы балалар құқықтары: прогресс және жаңа мәселелер

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау және ілгері бастыру саласында жұмыс істейтін басты ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері 2017 жылы қол жеткізілген негізгі нәтижелерді талқылады. Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар қолжетімділік, сапа және теңдік сияқты балалардың құқықтарын қамтамасыз етудегі кедергілерді анықтады.

Жиынға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, академиялық, халықаралық ұйымдардың, БҰҰ агенттіктерінің өкілдері мен донорлар қатысты.

2017 жылы ЮНИСЕФ серіктестерімен бірлесіп балаларға мейірімді әлеуметтік ортаны дамытуға және тең мүмкіндіктер мен инклюзивті қоғамды ілгері бастыруға бағытталған бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырды. Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы инновациялық пилоттық жобалар маңызды нәтижелерге қол жеткізді және бүкіл ел деңгейінде іске асыруға дайын.

Бұл жобаларға: 5 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге арналған қызмет көрсетудің әмбебап-озық үлгісін; Қызылорда облысында заңға қайшы әрекет жасаған балалар үшін балама әділ сот жүйесін құру, Маңғыстау облысында зорлық-зомбылыққа құрбан немесе куәгері болған балаларға көмек көрмету; кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жобалары кіреді.

Жиын барысында Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный биыл ЮНИСЕФ Қазақстан Үкіметімен 25 жылдық серіктестігін атап өткелі жатқанын айта келіп,  «Біздің ынтымақтастығымыз 1990 жылдары басталып, содан бері біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Тек өткен жылда ғана жасалған жобалардың қорытындысы бойынша пилоттық аймақтарда балалар мен нәрестердің арасында өлім төмендеді, ал жасөспірімдер арасындағы суицидті төмендету жобасы 19-20 қаңтарда Алматыда өткен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтуына арналған алғашқы жаһандық конференцияға негіз болды»,-деді.

Ал, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ЮНИСЕФ және халықаралық ұйымдардың адам құқықтарын қорғау институттарының қызметіне баға жетпес тәжірибе көзі болып табылатындығына тоқталды.

«ЮНИСЕФ - Қазақстандағы ғана емес, аймақтық деңгейде де маңызды жобаларды жүзеге асыратын негізгі серіктестердің бірі. Сонымен, ЮНИСЕФ-тің Женевадағы аймақтық директоры Афшан Хан ханыммен келіссөздер барысында біз Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азия елдеріндегі мигрант балалардың құқықтарын қорғау саласындағы біздің ынтымақтастығымызды талқыладық », - деді ол.

Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы 2016-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы негізгі мақсаты - Қазақстанның балалар құқықтарын тұрақты жүзеге асырудағы жетістіктерін нығайту және жетілдіру жөніндегі күш-жігерді қолдай отырып, ең осал және әлеуметтік жағынан ұрымтал балалар мен олардың отбасыларының құқықтарына айрықша назар аудару.

Бұған кедейлік шегінен төмен немесе кедейлік шегіне жақын балалар, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар, қатыгез қарым-қатынас құрбандары, заңға қайшы әрекет жасаған балалар, маргиналды топтардан шыққан балалар, стигмаға тап болған балалар, әлеуметтік оқшау қаған балалар.

Бұл мәселеге қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Ақан Рахметулин де пікір білдірді.

«Қазақстанда жоғары деңгейдегі суицид, инклюзивті білім берудің нашар дамуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, тіркеу органдарында мигрант балаларды тіркеу құжаттарын алуына кедергі келтіретін заңнамадағы ағаттықтар сиықты мәселелерді бірлесіп шешу қажет. Қазақстан балалар құқықтарын бақылау, соның ішінде салааралық жұмыс, деректерді жинау бойынша әлеуетін арттыруға және инвестициялауға тиіс. Бұл тұрғыда Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың қолдауын көреміз», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу