Әнші Мәдина Садуақасова «Таңшолпан» бағдарламасының төрінде қонақ болып, жаңалықтарымен бөлісті.
«Моңғол елінен шақырту алдым. Мұны қандас бауырларымыздың сағынышы деп білемін. Енді 12 наурызда сол елге аттанып, жеке концерт беремін. Менімен бірге жас сазгер, әнші Ұшқын Жамалбек барады. Ұшқын - халықтың жанашыры. Оның әнінде міндетті түрде домбыра, қобыз болады. Менің әндерімнің 80 пайызы халық әндері болады. Бірге қосылып дуэт те орындаймыз.
Елге келгеннен кейін 30 наурыздан бастап Қазақстанды аралаймыз. Киелі Түркістан қаласынан бастаймыз. Осы күнге дейін жеке концерттік бағдарламамен шығып көрмеппін. Бұл алғаш жеке концертік ән сапарым болады», - дейді әнші.