Ержан Құдайберген: «7 – 20 – 25» бағдарламасы баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азаматтарға мүмкіндік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Құдайберген: «7 – 20 – 25» бағдарламасы баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азаматтарға мүмкіндік

06.03.2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген «Таңшолпанның» төрінде қонақ болды. 

Күні кеше Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізді. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы халыққа жарияланды. Олар: баспана, салық, білім, шағын несие және газдандыру мәселелері. Студия қонағы Елбасының үндеуін түсіндіріп, өз пікірімен бөлісті.

«Елбасының кешегі үндеуі халыққа қажет және уақытылы бастама. Жан-жақты ойластырылған. Аймақтарға барғанда халықтың қолжетімді баспанаға қатысты сұрақтары көп екенін көріп жүрміз. Көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азаматтар үшін Елбасы ұсынған «7 – 20 – 25» бағдарламасы мүмкіндік бермек. Қазір Ұлттық Банк пен Үкіметке тапсырма берілді», - дейді депутат.

 

 Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу