Еліміздегі балабақша мәселесінің бүгінгі жай-күйі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі балабақша мәселесінің бүгінгі жай-күйі

03.03.2018

«Көресіні көрмей көрге кірмейсің» дейді қазақ, көрмегеніміз аз еді оны да көрсетті. Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауылының әкімі Жанат Омаров күні кеше 14 жасар оқушыны өлімші етіп сабап тастаған. Аристотель мұндайларға арнап «Қылмысқа сылтау ғана керек» депті. 8-сыныптағы оқушыны ес-түссіз қалғанша ұруға не итермеледі деген сұраққа ол «баламмен төбелескен, тұмсығын қанатқан» деп жауап берді. Жапа шеккен Диас Мұқанның анасы «Facebook» әлеуметтік желісінде дабыл қақпағанда бұл қылмыс туралы білмей қалуымыз да мүмкін еді. Осы әрекеті үшін әкім қызметтінен кетті.

Ал, Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде 7 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс істейтін әйел кішкентай баланы құлағынан тартып құлатып, қылқындырып әбден азаптаған. Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап, тәрбиеші қызметтен қуылды. Мұндай бассыздықтар мемлекеттік бөбекжайларда да жетіп жатыр. Балаларды балабақшаға берерде абай болған жөн. Себебі, бөбекжайларда түрлі жағдайлар орын алып жатады.

Оралдағы №46 «Ақжайық» балабақшасының медбикесінен туберкулез анықталған. Екі өкпесі де инфильтративті туберкулезге шалдыққан азаматша 6 айға емдеуге жіберілді. «Сырқат бөбекжайдағы балаларға жұқпайтын «жабық» түрі» деп азар да безер болды жергілікті жауаптылар. Мұндай жағдай биыл Шығыс Қазақстанның Зырян қаласындағы балабақшада да тіркелді. Десе де, мемлекеттік балабақшаға баласын беруге тырысатын ата-ана өте көп. Өйткені, қалалық жерде бір отбасын бір айлықпен асырау қиямет, сондықтан, баланы тастайтын бөбекжай іздеп табанынан таусылады жұрт. Бітпейтін кезекке тап болады. Осы тақырып турасында толығырақ Сәбит Әлдебайдың материалында.

Хабарламаларға жазылу