«Шипагер». Вирустың алдын қалай алады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шипагер». Вирустың алдын қалай алады?

03.03.2018

Адамзат қоғаммен тығыз байланыста болғандықтан вирус тез тарайды, циркуляциясы үзілмейді. Тұмау тиген адам жөтелгенде, түшкіргенде қасындағы адамға микробын тез жұқтырады. Ал, жұқтырғандардың саны артқан сайын тұмаудың өрши түсетіні – заңдылық. Тұмаудың ЖРВИ-мен қандай байланысы бар?

ЖРВИ кезінде дене қызуының көтерілуі, мұрын-жұтқыншақтың қабынуы пайда болады. Ал, тұмау кезінде көзден жас ағу, қалтырау байқалады. Әдетте адам тез жазыламын деп, денсаулығына назар аудармайды. Алайда вирустың қолауйы температурасы адам ағзасында. Сондықтан ол ағзада ұзақ сақталады. Тіпті адам киімі мен қолданатын заттарында 2 апта, ал бөлме ауасында 5 аптаға дейін сақталады. Тұмау 3-5 күн ғана созылады. Ал, ауыр тұмау түрлі асқынуларға алып келеді.

ЖРВИ немесе тұмау жұқтырған адам қандай күйде болады? ЖРВИ  мен тұмауды қалай емдейді? Вирустардың алдын қалай алуға болады?

 

«Шипагер» деніңізге шипа жол іздейді.

Хабарламаларға жазылу