«Таңшолпан». «Athletic» - еліміздегі бірегей спорт сарайы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Athletic» - еліміздегі бірегей спорт сарайы

20.02.2018

Елбасы бұқаралық спортқа халықтың кемінде 30 пайызы тартылуы тиіс деп тікелей міндет қойған болатын. Бұқаралық спорт - ұрпақ саулығының кепілі, денсаулықты сақтау жолындағы амалдардың бірі. Бүгінге дейін спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды дайындау сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Бұл шаралардың барлығы Қазақстан спортының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көтеруге айтарлықтай әсер еткені сөзсіз.

Еліміздің намысын түрлі олимпиадаларда қорғайтын спортшыларымыздың жаттығатын Жамбыл облысындағы, тіпті Қазақстандағы бірегей спорт сарайы - «Athletic» спорт сарайы кешені.

5 гектар аумақты қамтитын нысан 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Жаттығу залы, оңалту орталығы, қонақ үй кешені, тамақтану блогы, мүмкіндігі шектеулі баларға арналған орталық. Бұлардың барлығы спортпен кәсіпқой және әуесқой айналысамын деген жандардың игілігі үшін жұмыс істейді. 2009 жылы пайдалануға берілген бірегей жоба спорт кешендері туралы барлық ережелер мен стандарттарға сай салынған.

Қазіргі таңда спорт кешенінде еркін күрестен ұлттық құрама, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс құрама командасы жаттығу жасап, ауыр атлетикадан ұлттық құрама командасы жасөспірімдер арасындағы олимпиадаға дайындық үстінде.

Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров ағаларының жолын жалғаған грек-рим күресінен ел құрамасы да осында. Алмат Кебіспаев, Демеу Жадраев, Мақсат Ережепов сынды балуандарымыз алдағы сайыстарға қызу дайындықты бастап кетті.

Кешенде жаттығу залдарынан бөлек, оңалту орталығы бар.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу