«Бақытты әйел». Кәмшат Бекжігітова: Ойың мен сөзіңді өзгертсең, өмірің түбегейлі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Кәмшат Бекжігітова: Ойың мен сөзіңді өзгертсең, өмірің түбегейлі өзгереді

12.02.2018

«Мақпалдың мекені» айдарында үш баланың анасы, қаржыгер Кәмшат Бекжігітова қонақта болып, психологияға қалай келгенін, өмірдегі мақсаттар мен жетістікке жету туралы әңгіме қозғады.

«2014 жылы қатты күйзеліске түстім. Сол кезде «өзін-өзі бағалау» ұғымы туралы естідім. 33 жасқа дейін оны білмегенмін. Сол сөз өзгеруіме себепкер болды. Луиза Хейдің «Өзіңді сүй» кітабы туралы естіп, іздеп-тауып сатып алдым. Ол кісінің өмір, күйзеліс, одан шығу туралы кеңестері үміт отын жақты.

 «Қанша күйзелісте болсаң да, ешқашан жаман ойлама, жаман сөз айтпа. Тек қана жақсы ойла, жақсы сөйле!». Қазақша айтқанда, жақсы сөз - жарым ырыс. Бұл - аффирмация. Осының нәтижесінде өмірім өзгерді.

Ой бір күнде қалыптаспайды. Сана екіге бөлінеді: жоғарғы және түпкі сана. Біз келген ақпаратты тоқтамай ойлап, біреуге айтып, сезіну арқылы түпкі санаға өткізіп жібереміз. Ол жерде тек орындалу бар. Сондықтан, жаман дүниені қайта-қайта айтпай,  тек қана жағымды ойлау керек.

Кез келген адам ойын сараптап, жазып, бағаласақ, ой алысқа бармайды. Адам өзгеру керек, ортаны өзгерту керек. Ойыңм мен сөзіңді өзгертсең, өмірің түбегейлі өзгереді», - дейді қонақ.

Толығырақ «Бақытты әйел» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу