Диета түрлері мамандар арасында  неге талас туғызады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диета түрлері мамандар арасында  неге талас туғызады?

10.02.2018

«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті санында  «Тәні саудың - жаны сау» тақырыбы қозғалды. Бағдарлама кейіпкері ретінде альтернативтик медицинаның өкілі, әлемде тез тараған диеталар мен ашығу теориясын уағыздаушы тұлға Пол Брэгг алынған. Студия қонақтары нутрициолог Майгүл Қайнарбаева мен инфекционист Баян Жампейісова тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салды.

Майгүл Қайнарбаева нутрициолог:

 - Пол Брэгг вегетариандық тамақтану бағытын  ұстанған. Маман ретінде оның бәрі дұрыс деп айта алмаймын. Асқазан-ішек жолдарында әртүрлі ауру болатын болса, кей кезде ашығу асқынуларға алып келуі мүмкін. Ал, егер қант диабеті болса, мүлдем ашығуға болмайды. Әрбір 3 сағат сайын аз мөлшерде тамақтанып тұру керек. Калорияны есептеп, қанның тобына байланысты тамақтану теориялары, әртүрлі диеталар әлі күнге дейін мамандардың арасында талас тудыратын концепциялар болып табылады.

Ал, инфекционист Баян Жампейісованың сөзінше, бүгінде адамдар дәрігерге бармайды. «Елімізде қаншама диетолог, білікті маман иелері болса да, науқастар ғаламтордан қарап, өзіне диета таңдайды», - дейді ол.

 

Хабарламаларға жазылу