«Бақытты әйел». Роза Әлқожа: Жаным нені қалайды соны жасағым келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Роза Әлқожа: Жаным нені қалайды соны жасағым келеді

07.02.2018

Бүгінгі «Мақпалдың мекені» айдарында әнші Роза Әлқожа қонақта болды. 5 баланың анасы шығармашылығы, жеке өмірі туралы сөз қозғады.  

«16 жасымда Алматыға келдім. Ол кезде сабырлы, ұяң едім. Уақыт өте келе мінез өзгергенмен, жан дүнием сол қалыпта.

Тәкаппарлықтан қорқатын адаммын. Тәкаппар адам шатасады. Ақшаның артынан кеткен адам құл болады. Сондықтан барынша қарапайым болғым келеді. Мен өзімнің бойым, жаным нені қалайды соны жасағым келеді. Жаным қаламайтын адаммен сөйлесе де алмаймын, қаламайтын жерде отыра да алмаймын.

Үйімізде әрқашан туыстар, студенттер болды. Өзім жас болсам да олар үшін асқар таумын.  Сөйтіп жүріп, өзімнен ұяла бастадым. 4 баламнан кейін арықтау қиын болды. 81 келіге жеттім. Толықтық адамға комплекс сыйлайды екен. Біреудің сөзі де көңілге тиеді екен. Ойыңа неше түрлі ойлар келеді.

Жолдасым екеуіміз жер алып, 3-бөлмелі үй салдық. Көп қонақ күттік. Сол кезде үйден ас ішіп, артымнан күлген адамдар болды. Мүмкін сол кезде ұяңдық пен сабырлықты жоғалттым.

Қазір үй, көлік деген дүниеге қарамайтын болдым. Жолдасым екеуіміз көлік апатына түскеннен кейін көп нәрсені түсіндім. Бала-шағаны көру, осы дүниеде жүрудің өзі - қуаныш. Әрбір сәтті бағалайтын болдым», - дейді әнші.

Толығырақ «Бақытты әйел» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу