Шаһкерім Кәрменов: «Жәнібек Кәрменовтың ұлы» деген сөз қатардың озығы болып жүруге үлкен септігін тигізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаһкерім Кәрменов: «Жәнібек Кәрменовтың ұлы» деген сөз қатардың озығы болып жүруге үлкен септігін тигізді

31.01.2018

Бүгінгі «Ұлы дала ұлағатында» әнші, жазушы Жәнібек Кәрменовтің ғұмыр жолына саяхат жасалды.

 

Жәнібек Кәрменов 1949 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Қазақ «діл» сөзіне ұлтқа қымбат дүниенің барлығын сидырады. Замандастарының естелігінде айтылғандай, өз ісіне мығым, адами тұрғыда кемел, екі-үш тұлғаның қасиетін өң бойына қатар шегемдеген Жәнібек Кәрменов – ән падишасы, сөз білгірі, рух жаршысы.

 

«Әкемнен екі жасымда айырылдым. Дегенмен, естеліктерден, достарының әңгімесінен, өмірбаянынан, өмір жолында жасаған қадамдарынан әкемнің тұлғасын зерттеп үлгердім. Мен өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Өйткені, бала кезімнен «Жәнібек Кәрменовтың ұлы» деген елдің сөзі жаман әдеттерден алшақ болуға, қатардың озығы болып жүруге үлкен септігін тигізді», - дейді ұлы Шаһкерім Кәрменов.

Хабарламаларға жазылу