«Мәселе». Сапасыз асты қалай анықтауға болады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе». Сапасыз асты қалай анықтауға болады? (ВИДЕО)

27.01.2018

Иістеніп кеткен етті сіз бен біз білмеуіміз үшін улы техникалық ерітіндімен сүртіп, тазалап қайта сататын арсыздардың «екі аяғын бір етікке тығатын» құзырлы орындар қайда қарап жүр? Мерзімі өтіп кеткен тауарлар маркеттерде самсап тұр.

Салмақ қосу үшін сумен толтырылатын тауықтар, құрттап кеткен еттер, боялған орамжапырақтар, техникалық сырмен сырланатын алмалар. Қай-қайсысыда дастарханыңызға түссе, кемі ұшық шығады, әрісі аурухана кереуетіне таңылдыратыны анық. Осыдан екі жыл бұрын Ресейдегі тұшпара жасайтын цехқа қатысты үлкен шу болып еді.

Ет турайтын аппаратқа тауықтың шабылған басы мен аяқтарын, ішек қарынын түгел салып, содан шыққан быламақты қамырға түйіп, тұтынушыларға сатып келген. Сапасыз асты қалай анықтауға болады? Осы мәселелерге қатысты жауапты Еркін Съезұлы айтады.

толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу