«Таңшолпан». Есенгелді Сүйінов: Халықтың сөзін сөйлейтін де, мұңын мұңдайтын да ақындар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Есенгелді Сүйінов: Халықтың сөзін сөйлейтін де, мұңын мұңдайтын да ақындар

26.01.2018

Жазушы, ақын, журналист Есенгелді Сүйінов бүгін ақын 60 жасқа толып отыр. Туған күн иесі студия төрінде қонақ болып, шығармашылығындағы, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Жазушы, ақындар - көңіл-күйдің адамдары. Қоғамда болып жатқан әр түрлі оқиғалар ақынның жүрегінен өтеді. Ең бірінші болып қабылдайтын да осылар. Халықтың сөзін сөйлеп, мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын да ақын-жазушылар. Оны өзім абырой санаймын.

60 жас адамның кемелдену, шығармашылық жағынан өсіп-толысу кезеңі. Көңілім қартайған жоқ. Жазғанымнан жазарым көп. Шығармашылық адамы үнемі жазу, ізденіс үстінде. Қазір жаңа өлеңдер жинағын жазып жатырмын.

Туған жерім Көкшетауда кеш өткізгім келеді. Жерлестеріммен кездесіп, осы уақытқа дейін жазған еңбектеріме есеп беру кешін ұйымдастыруды ойластырып жүрмін. Одан басқа, шығармашылық жоспарлар да бар. Ақынның жоспары таусылмайды», - дейді белгілі қаламгер.

Хабарламаларға жазылу