«Таңшолпан». Қазақ Ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орай дәстүрлі ән кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қазақ Ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орай дәстүрлі ән кеші өтеді

25.01.2018

26 қаңтарда Қазақ Ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орай «Шалқар шабыт» дәстүрлі ән кеші өтеді.

Студия қонағы дәстүрлі әнші Телман Нүркенов, айтыскер-ақын Еркебұлан Қайназаров өнердегі жаңалықтарымен бөлісіп, мерейтойлық кеш туралы әңгіме қозғады.   

«Қазақ Ұлттық өнер университеті 1998 жылы құрылған. Биыл университет 20 жылдық мерейтойын тойлайды. Осы жылдар ішінде университетте көптеген кафедралар мен мамандықтар ашылды. Сондай-ақ университетте 2009 жылы дәстүрлі ән кафедрасы ашылды. Содан бері біраз шәкірттер дайындалды.

Университет жоспары бойынша кеште студенттер өзінің мамандығы бойынша өз жұмыстарын ұсынады. Бізге де сондай тапсырма берілді. Қазір концертке дайындық үстіндеміз. Одан басқа концертке басқа да жыршы, әнші, әртістер қатысады», - дейді өнер иелері.

Хабарламаларға жазылу