ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашид Әкімов студия қонағы болды. Сенат депутаты Президенттің Жолдауына қатысты, оның ішінде аграрлық мәселелер, ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Елбасы өз Жолдауында үлкен міндеттер қойды. Оның ішінде аграрлық сектор драйвер болуы тиіс деп белгіледі. Жолдауда көрсетілген қуанарлық жағдай - өндірілген өнімді өңдеу мәселесі. Еліміздің солтүстік өңірлері осы салада жақсы жетістіктерге жетті. Қазір өнімді қайта өңдейтін жаңа 3 кәсіпорын салынып жатыр. Біздің елімізді мұндай өндіріс зауыты бірең-саран болуы мүмкін. Сол жұмыстармен жуырда танысып қайттық. Зауыт күзге қарай іске қосылып, қайта өндірілген өнімді экспортқа шығаруға өз үлесін қосады», - дейді депутат.