Аспанмен таласқан ғимараттарда жанып кетпеу үшін нені білу қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аспанмен таласқан ғимараттарда жанып кетпеу үшін нені білу қажет?

20.01.2018

«Түтінді түрткен, өзі өртенеді» демекші, жаңа жылдағы демалыс күндері Қазақстанда қауіпсіздікті елемей қызық қуған бірнеше жерден өрт шығып, 12 адам көз жұмған. Өрт сөндіруші мамандар тұрғындардың қарапайым ережелерге атүсті қарайтынын айтады. Келіспеске болмас, мамандар айтқан соң мен де ғаламторға жүгіндім. «Өрт шыққанда не істеу керек?» деп тергенімде 5 миллионнан астам нұсқау шықты. Ал, «өртті қалай сөндіруге болады?» деп жазып ем, 3 миллионнан астам нұсқау шыға келді. Түгел оқыдым деп өтірік айтпай-ақ қояйын, бірақ, біразын қарадым. Тәртіп бойынша теледидар терезе перделерінен 70-100 сантиметр қашықта орналасуы керек екен. Үстіне жанғыш заттарды қоюға болмайды. Егер лап ете қалған жағдайға алдымен 101 нөміріне қоңырау шалу керек, одан соң теледидарды қуат көзінен ажыратып  ашық қуыстарына су шашу қажет. Бұл бір амалы ғана, толық оқимын десеңіз миллиондаған  нұсқау бар.

«Өрт нақ қызғанда, су тапқызбайды» демекші, сөндіреміз дегенше мыңдаған шаршы метрлердің жанып кеткенін естіп-біліп жүрсіздер. Бұрын әр ғимаратта тақталар тұрушы еді, от лап ете қалғанда күрекпен құм тастап сөндіретін немесе шелектеп су тасып тілсіз жауды ауыздықтайтын. Қазіргі аспанмен таласқан ғимараттар өртенсе құмың да, суың да қауқарсыз. Сонда құтқарушылар жұртты қайтіп құтқарады, тірідей жанып кетпеу үшін біз нені білуіміз қажет? Еркін Съезұлы айтады...

Хабарламаларға жазылу