Бүгін «Астана» радиосының құрылғанына - 19 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана» радиосының құрылғанына - 19 жыл

19.01.2018
Бүгін «Астана» радиосының құрылғанына - 19 жыл

«Қазақ радиолары» серіктестігінің ең маңызды құрылымдарының  бірі – «Астана» радиосының құрылғанына бүгін 19 жыл толды. «Астана» радиосы – жастар аудиториясына бағытталған, ақпаратты-музыкалық радиостанция. Ең алғаш 1999 жылы 19 қаңтарда  101.4 FM толқынында эфирге шықты.

2003 жылдың 1 ақпанынан бастап, радио өзінің эфирлік форматын жаңартып, заман талабына сай, сандық құрылғылармен жұмыс істейді. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығарылады.

Сонымен қатар, радионы интернет желісі арқылы да тыңдауға болады. «Астана» радиосының «astanafm.kz»  сайты  2013 жылдың 22 наурызында ашылды. 2013 жылдың 20 қарашасынан видеотрансляция басталды.

Радио 1999 және 2003 жылдардағы ең үздік ақпаратты топтамасы үшін «Алтын Жұлдыз» жүлдесін жеңіп алды. 2006 жылы «Үздік радио» атағына ие болды. Ал, 2017 жылы журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» байқауында «Үздік аймақтық радиостанция» номинациясын иеленді.

Бүгінгі таңда радио эфирінен аптасына 17 хабар және 11 интерактивті көңілашар шоу-бағдарламалар шығады. 

Хабарламаларға жазылу