Әлемдік рейтингте адамдар ең көп баратын мемлекеттердің тізімі шығыпты.
1-орында Франция тұр, 1 жылда 83,7 миллион адам барған. Екінші сатыда -АҚШ. Өткен жылы 74,8 миллион турист барған. Айта кетейік, Американың 29 штатында туризм табыстың ең басты көзі. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылға қарай Америка жылына туризмнен 2,5 триллион доллар табады деп күтілуде. Үштікті Испания түйіндеп тұр. Мұнда 1 жылда 65 миллион демалушы келген. Бір қызығы, Испанияға адамдар көбінесе карнавалға қатысуға және Энсьерроны көруге келеді екен.
Туристер ең көп баратын елдердің тізімінде Қытай төртінші, Италия бесінші, Түркия алтыншы орында. Германия жетінші, Ұлыбритания сегізінші, Ресей тоғызыншы, Мексика оныншы сатыда. Шетелге демалып бару бір бөлек, ол жақтың тәртібін ескеріп, арандап қалмау тағы бар. Мәселен, Бутанда қоғамдық орында темекі шегіп, тұқылын көшеге тастай салсаңыз, 3 жылға абақтыға қамалуыңыз мүмкін. Сингапурда сағыз шайнасаңыз да, әжетхананың суын ағызбай кетсеңіз де, жазаланасыз. Тіпті, жергілікті базарларда сатылатын иісі жағымсыз дуриан атты жемісті қоғамдық көлікке алып кірсеңіз, 3500 доллар айыппұл төлейсіз. Гонконгта жақында ғажап технология қолданысқа енді. Ол жақта турист болсын, мейлі жергілікті жұрт болсын, көшеге қоқыс тастап кетсе, арнайы компания өкілдері сол заттағы ДНК-ны тексеріп, қоқыс тастаған адамды анықтап, оның суретін жұрт көп жүретін жерлерге жариялайды.
Қазақстанға қанша турист келеді, қанша отандас шетелге кетеді және біздің елде туристердің жүріп-тұруына қандай талаптар қойылған? Гүлжазира Ғалиқызы айтады...