Гирлянды мен шырша - Жаңа жыл кезіндегі отбасылық мерекенің ажырамас бөлігі. Ол әуелде сәулет өнерінде ғимараттарды сәндеу үшін пайдаланылған. Алғашқы электр тоғымен қуатталатын гирлянды 1895 жылы АҚШ-та жасалды. Ал, алғаш рет жанатын гирлянды АҚШ Ақ үйінің алдында орналастырылған шыршаға ілінген. Кеңес Одағы тұсынан бері жасалатын гирляндылар бір кернеумен жалғанады. Ойыншықтың ішіндегі шамдарды күйіп кеткен жағдайда ауыстыруға болады. Гирлянды түрлері мен оны таңдаудағы ескерер жайттар туралы студия қонағы Назым Бекжігіт айтып берді.
«Гирляндының көшені безендіретін, үйді әсемдейтін түрлері болады. Даладағы шыршаны безендірген кезде ол суға, ылғалға төзімді болуы керек. Ауа райы -40, -50 градусқа барған кезде жарылып кетпеуі тиіс. Сондықтан ол көбіне резеңке мен каучук деген материалдардан жасалуы қажет», - дейді студия қонағы.
Сонымен қатар, бағдарлама барысында Назым Бекжігіт гирляндыны колданарда қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін айтты.