Алматыдағы Мемлекеттік циркінің жаңа бағдарламасы көрерменге жол тартты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Мемлекеттік циркінің жаңа бағдарламасы көрерменге жол тартты (ВИДЕО)

30.12.2017

Алматыдағы Мемлекеттік цирк ұжымындағы ең жас өнерпаз 6-да болса, ең үлкені 66 жаста. Цирк әртістері Жаңа жылға ерекше бағдарламасын ұсынды.

Биылғы жаңа бағдарлама кішкентай көрермендер қызыға тамашалайтын кейіпкерлерден құралған.

 

Сиқырлы понилар «Пинки-Пай» мен Радуга, батыл Моана арқылы балалар таңғажайып оқиғаларға куә болып, шабандоз жігіттерге,  үйретілген аюлар мен түйелерге және ақылды иттердің өнеріне  кішкентай көрермендер риза.

 

Цирк бағдарламасымен танысу үшін «Таңшолпанның» тілшісі Жазира Зәкірқызы дайындаған сюжеттен көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу