Алматыдағы Мемлекеттік цирк ұжымындағы ең жас өнерпаз 6-да болса, ең үлкені 66 жаста. Цирк әртістері Жаңа жылға ерекше бағдарламасын ұсынды.
Биылғы жаңа бағдарлама кішкентай көрермендер қызыға тамашалайтын кейіпкерлерден құралған.
Сиқырлы понилар «Пинки-Пай» мен Радуга, батыл Моана арқылы балалар таңғажайып оқиғаларға куә болып, шабандоз жігіттерге, үйретілген аюлар мен түйелерге және ақылды иттердің өнеріне кішкентай көрермендер риза.
Цирк бағдарламасымен танысу үшін «Таңшолпанның» тілшісі Жазира Зәкірқызы дайындаған сюжеттен көре аласыздар.