«Қазақ энциклопедиясы» баспасының құрылғанына – 50 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ энциклопедиясы» баспасының құрылғанына – 50 жыл (ВИДЕО)

18.12.2017

Жазушы, энциклопедист, ҚР Мәдениет қайраткері Ғұсман Жандыбай мен «Қазақ энциклопедиясы» баспасының редакторы Ғалия Құрмашқызы «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдығына орай «Таңшолпан» бағдарласында қонақта болды. Ғұсман Жандыбай қазақ энциклопедиясы тарихы мен оның алар орны турасындағы сұрақтарға жауап берді.

 Нарық заманында баспаның алар орны қандай?

- Баспа - ақпарат құралдарының біреуі. Ол – ежелден жұмыс істеп келе жатқан сала. Тарихы бірнеше ғасырға созылады. Еуропа елдерінде XVII –XVIII ғасырларда басталса, Қазақстанда баспаның алғаш пайда болуы XX ғасырдың қарсаңына сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта энциклопедия шығару құқығы тек «Қазақ энциклопедиясы» баспасына ғана берілген бе, әлде басқалары да мұндай кітаптарды шығара береді ме?

- Бұрынғы кезде энциклопедиялық әдебиеттердің барлығын тек «Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығаратын. Ал, қазіргі кезде нарық жағдайына байланысты бәсекелестік деген орын алып отыр. Осыны желеу етіп кез келген баспа энциклопедия шығарып жатыр. Бірақ, оның аты энциклопедия болғанымен, көпшілігінің заты энциклопедия емес. Қазақстанда энциклопедиялық баспа біреу ғана. Ол  - «Қазақ энциклопедиясы» баспасы.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында  50 жылдық мерейтойға арналып атқарылған іс-шаралар туралы толығырақ айтылды.

Хабарламаларға жазылу