Бақтияр Артаев: Өскелең ұрпаққа спортпен айналысуға жағдай жасалуы керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақтияр Артаев: Өскелең ұрпаққа спортпен айналысуға жағдай жасалуы керек (ВИДЕО)

18.12.2017

Танымал спортшы, Олимпиада чемпионы  Бақтияр Артаев «Таңшолпанда» қонақта болды. Сұхбат Тәуелсіздік алған жылдардағы спорттың дамуы турасында өрбіді.  

Бақтияр Артаев басқарып отырған «Тарлан батырлары» мекемесі бір балаға мемлекет қазынасынан жылына 155 мың теңге бөліп, оқушыларды дайындайды. Мекемеде 400-500-ге жуық бала тәлім алуда.

«Жергілікті әкімдіктермен келісімшартқа отыру арқылы әр балаға спорттың бес түрінен  қаржы бөлінеді. Келем деген балалардың бәріне есік ашық», - дейді спортшы. 

Аталмыш орталықтар Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Семейде орналасқан. Келесі жылы Қарағанды мен Үшаралда ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы Тәуелсіздік алған жылдардан бері спорттағы Қазақ елінің көрсеткіші  екі есе артқанын айтып, қазіргі таңда бокстан 12-ге жуық Олимпиада чемпиондары бар екенін тілге тиек етті.

Сұхбат барысында Бақтияр Артаев өскелең ұрпаққа чемпион болу үшін қайтпас мінез, қаймықпайтын жүрек, адамгершілік пен еңбекқорлық керектігін, оларға спортпен айналысуға жағдай жасалуы қажеттігін айтты.  

Хабарламаларға жазылу