Тәжік жігіті «Шабхо» атты лирикалық туындысын орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік жігіті «Шабхо» атты лирикалық туындысын орындады

17.12.2017

«Silk Way Star» байқауының сахнасына келесі болып мінезі Памир шыңдарындай өр, жүрегі Ескендір көліндей таза орындаушы шықты. Ол әрине, тәжік жігіті Сафармұхаммад.

 

«Silk Way Star» жобасына арнаған уақытын үлкен тәжірибе санайтын талантты әнші осы байқаумен байланыстының бәрі есінде қалатынын айтты.

 

Соңғы жарыс күні Сафармұхаммад өзінің авторлық әні «Шабхоны» шырқады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант Салахов (Татарстан):

 

- Өзіңіздің әңгімеңізді шынайы, жайлы айтып шықтыңыз. Жеңіл ғана айттыңыз. Махаббат лирикасын қан-жоса қылмай, жараламай жеткізе алдыңыз. Табиғи. Музыкалық. Шынайы.

Хабарламаларға жазылу