«Дара жол». Есмұхан Обаев: Тағдырыма ризамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жол». Есмұхан Обаев: Тағдырыма ризамын

11.12.2017

Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген.

ҚР Халық әртісі, режиссер, «Тарлан» тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты Есмұхан Обаев студия қонағы болып, театр, өнер, шығармашылығы туралы сөз қозғады.

«Әкем кедей, қара жұмысшы, анам аспаз болды. Барлығымызға үйреткені – халыққа қызмет ету.

Тағдыр қайда апаратынын кім біледі? Актер болмасам, жақсы тракторшы болатын едім. Бірақ, бір жылы қыстың аяз күнінде Асқар Тоқпанов ауылымызға келіп, мені байқады. Мен үшін ол ерекше кездесу болды. Сол кісіге жолықпағанда, тағдырым басқаша болар еді. Тағдырыма ризамын», - дейді актер.

 

Хабарламаларға жазылу