Салтанат Байқошқарова: Осыдан 25 жыл бұрын бүгінгі күніміз арман еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салтанат Байқошқарова: Осыдан 25 жыл бұрын бүгінгі күніміз арман еді

05.12.2017

«Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры, биологоия ғылымдарының докторы, репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова бүгін таңғы бағдарламада қонақта болып, орталықтың соңғы кездері қол жеткізген жетістіктері туралысында әңгімелеп берді.

«Осыдан 25 жыл бұрын бүгінгі күніміз арман еді. Осы біздің саламыз бойынша дүние жүзінде қандай ем жасалса, біздің мамандар соның барлығын игерген деп мақтанышпен айта аламыз.  Елімізде алғашқы эко жолмен дүниеге келген қыз бала бүгінде 21 жаста, шетелде тұрады. Одан бері Қазақстанда 15 мыңға жуық бала дүниеге келді. Біздің орталықта қазақстандықтар ғана емес, шетелден арнайы келіп ем алатын азаматтардың болуы еліміздегі медицинаның жоғары деңгейге шыққанын көрсетеді»,-дейді дәрігер.

Елімізде белең алып бара жатқан белсіздік, бедеулік дерттерінің негізгі себептеріне тоқталған  Салтанат Байқошқарова:

«Бұл аурулардың негізгі себебі – қабыну, суық тигізу, түсік жасату. Саламатты өмір салтын сақтамау, тіпті кейбір жағдайларда экологиялық себептерден де белсіздік, бедеулік дерттері пайда болады»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз!

Хабарламаларға жазылу